Ішкі молекулалық түрлену.
ØІшкі молекулалық химиялық
түрленулер жарық, жоғары энергия сәулелері, жылу, химиялық реагенттер
әсерінен (полимер құрамына енбейтін) жүреді. Ішкі
молекулалық түрленулер реакция механизміне елеулі әсер етуі,
жағымсыз құрылысты полимерлердің түзілуіне апарып соғуы
мүмкін. Дегенмен лайықты жағдайларда мұндай
түрлену лер өзге жолдармен синтезде мүмкін емес қажетті
құрылысты полимерлерді тиімді жолдармен алуға мүмкіндік береді.
Ішкімолекулалық түрленулер жылу мен сәулелі энергия ықпалымен болуы
мүмкін, сондай – ақ бірнеше химиялық реагенттердің
әсерінен жанама реакциялар пайда болады, олар полимерлерді алу
кезінде құрылысы мен қасиеттеріне,
эксплуатация мен қайта өңдеуде әсер етеді.
Ø Ішкі молекулалық түрленулер бірнеше типті
болуы мүмкін: бүйір топтардың
ішкі молекулалық қайта топтасуы; басты валенттілік тізбектерінде ішкі молекулалық қайта
топтасулар; изомерлік түрленулер
(циклдену, изомерлену, қос байланыстар миграциясы, қанықпаған
байланыстардың түзілуі; күрделі түрленулер).